Интернетке тәуелділікпен күресуге көмектесетін амалдар

Соңғы кездері адамдар ғаламтордан жағымсыз жаңалықтарды көріп, оқуға тым құмар. Бұл думскроллинг деп аталады, ол интернет пен гаджеттерге, сондай-ақ обсессивті-компульсивті бұзылуларға тәуелділіктің белгісі. Психолог Дмитрий Деулин мұндай тәуелділіктен құтылуға смартфондағы әуе режимін мәжбүрлі түрде қосып, отбасымен ашық сөйлесу көмектесетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Газета.Ru" сілтеме жасап.

"Адам өмірінде цифрлық технологияның артық болуы оның шынайы өмірде басқалармен байланыс орнатуына кедергі келтіреді. Ал балаларға қалыпты әлеуметтенуге, қоғамға қосылу процесіне кедергі келтіреді, агрессивтілік пен мазасыздық деңгейін арттырады. Оның алдын алу үшін "цифрлық гигиенаны" сақтау маңызды, онда адам оффлайн және онлайн режимдерін дербес реттейді. Смартфонға "экран уақытының шектеулері" бағдарламасын орнатыңыз, ол Желіде тым көп уақыт отырған жағдайда интернетті мәжбүрлі түрде өшіреді. Бұл әсіресе кәмелетке толмағандарға пайдалы нұсқа", - деді Дмитрий Деулин.

Интернет пен гаджетке тәуелділікпен күресу үшін "сандық детокс" бағдарламасын құру да көмектесе алады. Бұл цифрлық кеңістіктен тыс кез келген қоғамдық пайдалы әрекет болуы мүмкін. Мысалы спортпен шұғылдану, достарыңызбен араласу, табиғатта серуендеу, сүйікті кітабыңызды оқу және тағы басқа.

"Гаджеттегі мобильді интернет мүмкіндіктерін мәжбүрлеп өшіріп, осы ережені қатаң сақтай алатын уақыт аралығын анықтауыңыз керек. Сондай-ақ, тамақтану, жеке әңгіме дүкен құру, ұйықтау кезінде смартфонды "ұшақ режиміне" ауыстырыңыз", - деп кеңес берді психолог.

Сонымен қатар, сандық интеракцияларды мүмкіндігінше аналогтық режимге аудару қажет. Сабақ немесе тапсырма, жұмыс бойынша кездесу, қарым-қатынас, конференция секілді тақырыптарды мейлінше бетпе-бет кездесіп, шешуге тырысыңыз. 

"Интернет тарихыңызды бақылау, гаджеттерге және жалпы ғаламторға тәуелділікті жеңу қабілетін дамыту маңызды. Дос, жақын адамдарыңызбен желіден тыс сөйлесуге, табиғатқа баруға, саябақтарға, мұражайларға баруға, спортпен шұғылдануға, қоғамдық пайдалы істерге және т.б. көбірек уақыт бөліңіз, - деп қорытындылады маман.

Тағы да оқи отырыңыздар: Ұлтаралық араздықты қоздырғандар қалай жазаланады?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!