- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тұрғымбаевтың ұсталуы: Бас...
Тұрғымбаевтың ұсталуы: Бас прокуратура мән-жайды айтты
Бас прокуратура 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаларға байланысты қылмыстық істерді әлі де тергеп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
29 сәуірде ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін (Қылмыстық кодекстің 362-бабы 4-бөлігі) Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібімін бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталған.
"Қылмыстық істе мемлекеттік құпия мәліметтер болуына байланысты соталды тергеп-тексерудің басқа деректері жарияланбайды", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, 19 наурыздан бері БАҚ беттері мен әлеуметтік желілерде Ішкі істер министрлігін басқарған Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалғаны жарыса жазыла бастады. Іс қаңтар оқиғасына қатысты екені айтылды.
Бас прокуратура мәліметінше, 2022 жылдың басынан бастап Бас прокуратура қаңтар оқиғалары кезінде құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етпеуге, сондай-ақ, азаматтарға азаптауды қолдануға байланысты күш органдарының қызметкерлеріне қатысты тергеп-тексерулерді әлі де жалғастырып жатыр. Оларды жасағаны үшін бірқатар басшылар мен қызметкерлер сотталған.
Бас прокуратураның 20 наурыздағы мәліметі бойынша ішкі істер экс-министрі Ерлан Тұрғымбаевтан да жауап алынған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова