Екібастұз 2-МАЭС-тен бюджетке 640 миллион теңге өндірілді

Екібастұз 2-МАЭС-тен бюджетке 640 миллион теңге өндірілді
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Павлодарда ірі салық төлеушіден бюджетке 640 миллион теңге өндірілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Павлодар облысының прокуратурасы жүргізген тексеріс нәтижесінде Екібастұз 2-МАЭС бюджетке 640 миллион теңгеден аса салық төлемегені анықталды.

Қадағалау актісі бойынша салық төлеушіге қатысты тиісті өндіру шаралары қабылданып, нәтижесінде 2-МАЭС бұл соманы бюджетке төледі.

Қазіргі уақытта осы бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова