"Интим байланыс болуы мүмкін". Профайлер Бишімбаев ісі бойынша куәгер болған Насырбекованың іс-әрекетіне талдау жасады

"Интим байланыс болуы мүмкін". Профайлер Бишімбаев ісі бойынша куәгер болған Насырбекованың іс-әрекетіне талдау жасады
Фото: Видео кадры

23 сәуірде аса қатыгездікпен кісі өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша блогер Гүлнара Насырбековадан жауап алынды. Мамандандырылған профайлер Михаил Дементьев куәгердің іс-әрекеті мен сөзіне талдау жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол YouTube-арнасында бөлісті. 

"Бишімбаев туралы сұраққа алғаш реакциясы - өзін ұстау, киімін ұстау. Денесімен байланысын сезгісі келді. Сырт киімін шешіп жатыр деп тұрғаным жоқ. Ол денесін қатты бақылап ұстамағанда сырт киімін шешер еді. Екі адам арасында интим байланыс болуы мүмкін деген сұрақ туғанда, әдетте адам киімін шешіп бастайды. Бұл жерде физикалық әрекет есте қалып тұр. Мен ешкімді айыптап тұрған жоқпын, тек айтпай кетуге болмайтын кей жайттарды бөлісіп жатырмын. Кейін ол бірден сөзден жаңылысып қалды да, сұраққа нақты жауап бермей, ауытқып кетті. Гольф туралы айтқанда да ерекше назар аудару керек. Бұл жерде психолингвистика қосылады, адамның тіркес құруы, интонация құруы. Күдіктімен алдын ала сөз байласып алуы мүмкін. Білмеймін, менің қиялым болмаса екен деймін. Бірақ бөлмедегі аңыз-әңгімемен байланыс көріп тұрмын. Бұл жайт оны қатты алаңдатып тұр... Тіл арқылы адаптация. Адам өтірік айтып тұрғанда, өзін қатты бақылап тұрғанда аузы құрғап, ернін жалағысы келіп тұрады", - дейді профайлер.

Маман Гүлнара Насырбековтың Бишімбаевқа жолдаған хатына назар аударды. Ол желіде тарап жатқан теорияны алға тартып, "Сенен раушанның иісі шығады" деген тіркестің мағынасын ашты. 

Кембридж сөздігінде "come up/out smelling like roses" сөз тіркесі идиома ретінде көрсетілген. Аудармада келесі мағынаны білдіреді:

"Сізді арам, жаман адам етіп көрсететін қиын жағдайдан кейін өзіңізді жақсы, адал адам екеніңізге өзгелерді сендіруге мәжбүрлеу". 

"Бұл жерде қызық нәрсе басталады. Алдымен ол сөзден қателеседі. Екіншіден, аллегориялық байланыс. Гүлнара бұл идиоманың мағынасын түсініп тұрған болуы керек. Ол одан сайын баяу сөйлей бастайды. Куәгер бұл сұраққа дайындалған болуы мүмкін. Аса танымайтын адамды есімімен сақтағаны біртүрлі. Бұл жағдайда Гүлнараның телефонында сақталған адамдар тізімін тексеруге ұсыныс берер едім, - деді маман. 

Сондай-ақ, маман Бишімбаев пен Насырбекова арасындағы телефон қоңырауына талдау жасады. 

"Адамның кетіп қалғанына 1 сағат өткен соң, қайта телефон шалып, "Сіз кетіп қалдыңыз ба?" деп сұрау біртүрлі. Бұл бір құпия шифр болуы әбден мүмкін", - деді ол. 

Михаил Дементьевтің айтуынша, Гүлнара Насырбекова Бишімбаевтың сыбайласы болуы мүмкін. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек