ШҚО-да ауыл тұрғындары жер сілкінісін сезді

ШҚО-да ауыл тұрғындары жер сілкінісін сезді
Фото: depositphotos.com

ШҚО-да ауыл тұрғындары жер сілкінісін сезді. Ол Алматы уақытымен сағат 11.19-да тіркелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 760 шақырым жерде орналасқан.

"Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.9. MPV магнитудасы - 4.4. Тереңдігі - 5 шақырым", - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.

Зайсан ауданы Тасбастау ауылында 2 балл болып сезілген.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова