"Ер азаматты нағыз ер қылатын тікелей сүйген жары". Гүлзира Айдарбекова тұрмыс құрмаған қыздарға кеңес берді

"Ер азаматты нағыз ер қылатын тікелей сүйген жары". Гүлзира Айдарбекова тұрмыс құрмаған қыздарға кеңес берді
Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova/

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялап, тұрмыс құрмаған қыздарға кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қазір "өзіңді ғана жақсы көр" деп ақыл айтатындар көбейген. 

"Сіздің жолыңызды берсін" деп, тұрмысқа шығып жатқан қыздар не ата-аналары ұсыныс тастап, шақыртулар алып жатамын. Шіркін сол ниеттеріне, ұзатқан қыздарым ибалы, адал келін болып, үлкен әулетті отбасына айналсыншы Алла деп тілеумен жүремін. Алла менің де дұғамды қабыл етіп, сол ыстық ұясының шамшырағына айналуын жазсын! Осы тойда, ұзатқан қызымның қолы дірілдеп, көзіне жас келгенде өзім жылап қалдым, қарап тұрған елден ыңғайсызданып жұтынып әрең тұрдым.

Соңғы кезде ажырасу көп, "өзіңді ғана жақсы көр" деп ақыл айтқыштар көбейіп кетті. Соларды тыңдап тек ажырасамынға бел байлап, мен сол сияқты әдемі болып та, байып та кетемін деген ұғыммен өмір сүреді. Біздің аналарымыз қандай болды десеңші, сол аналарымыздың арқасында бақытты балалық шағымыз мәңгілік сағыныш болып жүрегімізде қалды. Әйел адам өзін ғана ойласа, өмірге алып келген жазықсыз ұл-қызының бақытын кім ойлайды? Ер азаматты нағыз ер қылатын бірінші Алла болса, одан кейін тікелей сүйген жары екенін қыз-келіншектер ұғынса екен. Әйелдің бақытты болуы ата-енеден, күйеуінен деген сылтау, мүмкін сол әйелдің өзінен, дегенімді жасатамын, аяғыма жығылтамын деу тәкаппарлық. Соның салдарынан нағыз ер мінезді азаматтар жоғалып барады. Алақаныңызды соғып көріңізші, дыбыс екі алаққаннан да шығады, дәл солай ешкім періште емес. Бұрындары әкең келе жатыр деп анамыз айтқанның өзінде, етек жеңімізді жинап, генерал кіріп келгендегі солдаттарша ыңғай білдіретінбіз. Анамыздың нәзік жан екенін сезінетінбіз. Әкенің әйеліне, ұл-қыздарына деген қатаңдығынан сескену ол ұрпағымыздың дұрыс бағыт алуына әсері ең қажетті тәрбие", - деп жазған ол.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә