- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Собчак Нүкенованың ісі...
Собчак Нүкенованың ісі Қазақстандағы "ұят" түсінігін түбегейлі өзгерткеніне сенімді
Ресейлік журналист, тележүргізуші Қазақстандағы ұят түсінігі мен Салтанат Нүкенованың ісі туралы жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Жалпы мен Қазақстанға жиі келемін және бұл елді жақсы көремін. Мұнда достарым көп, кейде осында іс-шаралар мен тойларды жүргіземін және біртүрлі қайшылықты алғаш рет байқап отырған жоқпын.
Бір жағынан, қазақ әйелдерінің басым бөлігі көш ілгері дер едім: олар көп жұмыс істейді, өршіл, азат, бәріне өздері қол жеткізгісі келеді, эмансипацияға, тәуелсіздікке, теңдікті мойындауға ұмтылады. Оның үстіне мұнда дұрыс феминизмге, өзара көмекке және girl power түсінігіне орын бар. Мен мұндай әйелдерді жеке өзім де танимын, кейбірімен доспын, оларды қатты сыйлаймын.
Алайда мұнымен қатар елде "ұят" деген түсінік бар. Ол сөзбе-сөз "стыд" деп аударылады және қоғамдық айыптаудан көрінеді. Онлайн да, офлайн да. Осы құбылыс бойынша әйел кез келген дәстүрлі нормадан ауытқығаны үшін ұятқа қалуы мүмкін. Көшеге қысқа белдемшемен шықтыңыз ба? Ұят. Бірнеше "ухажерыңыз" бар ма? Ұят. Күйеуің қол көтеріп жатқанда, кетіп қалдың ба? Ұят. Әрине, бұл моральдық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге қосымша қысым жасайды.
"Ұят" түсінігін қорғайтындар Қазақстанның еркін ғұрыптар мен жастардың прогрессив көзқарастарының қарқынды дамуына байланысты халықтың бір бөлігі арасында танымал көрінеді. Аға буын осылайша белгілі бір әдептілік шеңберін құрып, "оларды қателіктерден қорғап қалғысы келеді". Бірақ іс жүзінде бұл дәстүр архаизмді бүркемелеп жатыр.
Ендеше, менің айтайын дегенім: Салтанат ісі осы мағынадағы бетбұрыс болды, ол бұл түсініктерді өзгертіп жатыр. Бұрынырақта ұят деп келген консервативті ойлайтын халық әйелдерге "көп сөйлеме, ұрыс-керісті сыртқа жайма, үндеме, шыда, сүйіп кетесің" деп келген. Енді міне, қыздар үйдегі тирандарға қарсы күресте бірігіп қана қоймай, арнайы заңның қабылдануына да қол жеткізді.
Жалпы, қазір Қазақстанда Салтанат ісі аясында өте қызық оқиғалар болып жатыр. Бәлкім, біз тым- тырыс төңкерістің бір түрін көріп жатқан шығармыз.
Азаматтық қоғамның жеңісін", - деп жазды ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан