Бишімбаевтың және оның отбасына қатысты мүлкі тәркіленсін: Петиция жарияланды

Бишімбаевтың және оның отбасына қатысты мүлкі тәркіленсін: Петиция жарияланды
Фото: Коллаж: Tengrinews.kz

Қазақстандықтар Мемлекет басшысына экс-министр Қуандық Бишімбаевтың отбасы мен жақындарына қатысты мүлкін тәркілеуді талап етіп, петиция жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Петиция мәтіні otinish.kz сайтында жарияланған. 

"Қуандық Бишімбаевтың отбасы мүшелерін, анасы Альмира Нұрлыбекқызының, інілері Бақытжан Байжанов пен Нұрлыбек Сұлтанның қаржылық жағдайын және өткен коррупциялық істеріне қатысты тексеріс жүргізілсе екен. Тексеріс қорытындысы қоғамға ашық түрде жарияланып, барлығын хабардар ету", - деп жазылған.

Петицияның аяқталуына 7 күн қалды. Осы уақытқа дейін 31 440 адам қол қойған. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жайыққызы