- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жантүршігер видеолар мен...
Жантүршігер видеолар мен сөздер: сотта Бишімбаевтың телефоны қаралып жатыр
Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында басты айыпталушы Бишімбаевтың ұялы телефоны қаралып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгінгі сот отырысында ол құпиясөзді айтып, ұялы телефон судьяға берілді. Судья Айжан Құлбаеваның өзі Бишімбаевтың ұялы телефонын сот талқылауы аясында зерттеді. Оған қоса телефоннан суреттер мен видеоларды қарады.
"Ешқандай дәретхана жоқ. Ізде", - дейді видеода Бишімбаев Нүкеноваға.
Судья видеоларды қарау барысында Бишімбаевтан Нүкенова еденнен не іздегенін сұрады. Сонымен қатар, судья видеолардың бәрінде киімсіз, тек қара плащ киген Нүкенова көрінетінін айтты.
"Бұл қандай да бір монтаж, телефонды ашып алып, жүктеп қойған болуы мүмкін", - дейді Бишімбаев.
Сонымен қатар, Бишімбаевтың ұялы телефонындағы видеода оның Нүкенованы бұрынғы қарым-қатынасы үшін айыптағаны естіледі.
Еске салайық, бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың ұялы телефоны әлі айғақ ретінде ашылмағаны хабарланды.
Бишімбаевтың адвокаттары оның телефонын зерттеу сот залында міндетті емес екенін айтып, өтініш жасады. Бірақ Нүкенованың отбасының адвокаттары мен прокурорлар Салтанаттың ұялы телефоны зерттелгенін мәлімдеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова