Найзағай, жел: Астанада және 13 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Найзағай, жел: Астанада және 13 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Фото: freepik.com

Синоптиктер Астанада және Қазақстанның 13 өңірінде найзағайға байланысты ескерту жасады. Маңғыстау және Қызылорда облыстарында шаңды дауыл күтіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Атырау облысы - найзағай күтіледі.

Жамбыл облысы - 2024 жылы 23-26 сәуір аралығында қатты жауын-шашынның болжамына байланысты Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында көлбеу ағынның қалыптасуы және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі.

Синоптиктер автожолдарды, елді мекендерді және шаруашылық құрылыстарды су басуы мүмкін екенін ескертті.

Қарағанды облысы - найзағай күтіледі.

Ұлытау облысы - жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр.

Павлодар облысы - найзағай мен желдің екпіні секундына 15-20 метр болады деп күтіледі.

Ақмола облысы - найзағай күтіледі.

Маңғыстау облысы - найзағай күтіледі. Түнде облыстың батысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында, шығысында шаңды дауыл болады.

Шығыс Қазақстан облысы - найзағай күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы - найзағай күтіледі. 

Абай облысы - найзағай күтіледі. 

Қызылорда облысы - дауыл күтіледі. Облыстың орталығында шаңды дауыл болады.

Солтүстік Қазақстан облысы - екпіні секундына 15-20 метр болатын жел күтіледі.

Түркістан облысы - таулы және тау бөктеріндегі аудандарда найзағай, дауыл күтіледі.

Астана - найзағай күтіледі. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә