- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Елімізде жазда өрт...
Елімізде жазда өрт қаупі жоғары болады - Қазгидромет
"Қазгидромет" РМК ұзақмерзімді ауа болжамы басқармасының басшысы Жұлдыз Исабекова жаз айларында өрт қаупі жоғары болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, ұзақ мерзімді ауа райын болжау үшін жыл аналогы мен сандық климаттық модель қолданылған.
"2024 жылдың мамырына жыл аналогы 2001 жыл, жаз үшін жыл аналогы 1994 жыл болып таңдалды. 2024 жылғы мамыр мен жазға арналған консультативтік ауа райы болжамын және 2001, 1994 жылғы нақты деректерге жүргізілген талдауды ескере отырып, мамыр және жаз айларында республиканың басым бөлігінде өрт қауіпінің жоғары және төтенше дәрежесі болжанады", - деді Исабекова "Қазгидрометте" өткен баспасөз брифингте.
Исабекова өрт қауіпіне арналған болжамдар онкүндікке, аптаға және 2-3 тәулікке арналған болжамдармен ғана нақтыланатынын айтады.
"Жоғары және төтенше өрт қауіпіне жеткен жағдайда дауылды ескертулер шығарылатын болады", – дейді ол.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Ордабаев