Ақмола облысындағы су тасқыны: қанша адам үйіне оралды?

Ақмола облысындағы су тасқыны кезінде эвакуацияланған 2331 адам өз үйіне оралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, құтқарушылар елді мекендерді су басуға жол бермеу және халыққа келтірілген залалды барынша азайту үшін барлық шараны қабылдап жатыр

"Ұзындығы 44 мың метр болатын үйінділер тұрғызылып, нығайтылды. 3 миллион текше метрден астам су сорылды. 300 мыңнан астам инертті материал салынған қаптар төселді. 85 шақырымнан астам каналдар мен арықтар тазартылып, тереңдетілді. 1443 су өткізу ғимараты тазартылды", - деп хабарлады ТЖМ.

Тағы да оқи отырыңыздар: Металды өндіру барысында оның қоршаған ортаға тигізетін әсерін сипаттаңыз

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!