- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бұрынғы әйелін аяусыз...
Бұрынғы әйелін аяусыз ұрып, телефонын сындырған ер адам ұсталды
Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласында ер адам бұрынғы әйелін аяусыз ұрып-соққан болатын. Полиция видео кейіпкері қамауға алынғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде тараған кадрда ер адам әйелдің телефонын сындырып, содан кейін оны ұрады. Жазба авторы жәбірленуші әйелдің есімі Салтанат екенін жазған. Әйел 11 жылдық некеден кейін ажырасуға шешім қабылдап, балаларын алып, Тараздан Алматыға көшіп келген. Алайда автордың айтуынша, қазір бұрынғы күйеуі келіп, оны аңдып, мәжбүрлеп қайтаруға тырысып жатыр.
Алматы қалалық Полиция департаменті мәліметінше, бұрынғы әйеліне дене жарақатын салған ер адам ұсталған.
"Ұрғаны және бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтіргені үшін ол сот шешімімен 25 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, айыппұл салынды", - деп жауап берді департамент өкілі Massaget.kz-ке.
Еске салайық, бұған дейін оқиғаның видеосы тарап кетті. Артынша бұрынғы әйелін аяусыз ұрып кеткен ер адам кешірім сұрады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова