- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Су астында қалған...
Су астында қалған үйлердің саны 6 мыңға жуықтады
ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш бүгінде су тасқынынан 6 мыңға жуық үй су астында қалғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, қазіргі таңда 9 млн 700 мың текше метр қар суы сорылып, 2 млн 400 мың қапшық, 1 млн 200 мыңнан аса тонна инернетті материал төселген.
"16 сәуір сағат 10.00-дегі жағдай бойынша 13 543 адам өз үйлеріне оралды, 7 мың 14 адам, оның ішінде 3144 бала эвакуациялау пунктеріне орналастырылды. Су тасқыны басталғалы бері барлығы 113 693 адам, оның ішінде 39 922 бала құтқарылды. 107 613 бас мал қауіпсіз жерге айдалды. 3 570 тұрғын үй мен 2 195 ауладан судың бағыты бұрылды.
Қазір Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 5708 тұрғын үй, 1609 аула және 2035 саяжай су астында", - деді Ерасыл Сайпаш ОКҚ-де өткен брифингте.
Авариялық-құтқару жұмыстарына 34 мың адам, 4242 техника, оның ішінде 890 су сору құралы, 335 жүзу құралы және 19 әуе кемесі жұмылдырылған.
ТЖМ психологтары жергілікті жерлерде және жедел желі телефондары арқылы азаматтарға шұғыл психологиялық көмек көрсетіп жатыр. Жедел желіге 1796 қоңырау түсіп пысықталған.
"Еліміздің 8 өңірінде Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында жергілікті ауқымдағы 38 төтенше жағдай әрекет етеді. ТЖМ азаматтарды су тасқыны кезеңінде қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз орындауға, үйлерден, эвакуациялау пунктерінен рұқсатсыз шықпауға, балаларды қараусыз қалдырмау керектігін ескертеді", - деді ТЖМ ресми өкілі.
Аяз Есен
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Massaget.kz