- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ақталмаймын". Бұрынғы әйелін...
"Ақталмаймын". Бұрынғы әйелін аяусыз ұрып кеткен ер адам кешірім сұрады
Алматыда бұрынғы әйелін аяусыз ұрып кеткен ер адам кешірім сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұған дейін әлеуметтік желіде ер адам әйелдің телефонын сындырып, содан кейін оны аяусыз ұрып-соққаны бейнеленген видеосы тараған болатын.
Жазба авторы жәбірленуші әйелдің есімі Салтанат екенін жазған. Әйел 11 жылдық некеден кейін ажырасуға шешім қабылдап, балаларын алып, Тараздан Алматыға көшіп келген. Алайда автордың айтуынша, қазір бұрынғы күйеуі келіп, оны аңдып, мәжбүрлеп қайтаруға тырысып жатыр.
Александр Ким есімді ер адам бұрынғы әйелі Салтанат пен оның жақындарынан кешірім сұрады.
"Менің бұл әрекетімді ақтауға болмайды және Салтанатқа қолымды көтермеуім керек еді. Мен ақталғым келіп тұрған жоқ, тек жағдайды түсіндіріп өтсем деп едім. Біз 11 жыл бірге тұрдық. Үлгілі отбасы болдық, бір-бірімізді жақсы көрдік. Бірге саяхаттадық, жас отбасылар қызығатындай жанұя болдық. Салтанат екеуіміз төрт баланың ата-анасы атандық. Әрине, ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайтын. Сондай ұрсыстардың бірінде екіге кеттік. Бірақ сезім қалды. Күндердің бір күнінде Алматыда кездесеміз деп келістік.
Үйге келе жатқан кезде мен оның телефонын сұрадым. Оның, балаларымның суретін көрейін дедім. Сол кезде Салтанат бейтаныс жігітпен тұрғанын көрдім. Өзім не болғанын түсінбей қалдым. Қызғанып кеттім. Оның телефонын алып, сындырып жібердім", - дейді ер адам.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Александр Ким әйеліне соққы қатты тимегенін айтады.
"Бірақ ақталып тұрған жоқпын, оны тіпті итеруге құқым жоқ. Эмоцияға беріліп кеттім. артынша Тараз қаласына кетіп қалдым", - дейді ер адам.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина