Батыс Қазақстан облысындағы суқоймада киіктер жаппай қырылып қалған

Батыс Қазақстан облысындағы суқоймада киіктер жаппай қырылып қалған
Фото: "Уральская неделя"

Батыс Қазақстан облысындағы суқоймада киіктер жаппай қырылып қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы 13 сәуірде Бөкейорда ауданының Мұратсай ауылының тұрғындары хабарлаған. Олардың сөзінше, екі мыңға жуық киік қырылған. 

Бұл жерге "Охотзоопром" РМК қызметкерлері келді. Олар жануарлардың өлекселерін шығарып, оларды жоюмен айналысады.

Сарапшылар қыстан кейін қатты әлсіреген ақбөкендердің бір бөлігі жағаға шыға алмай, суға батып кетті деп болжап отыр.

Тағы бір болжам бойынша киіктер түсірілім жасалған дрондардан шошыған болуы мүмкін. Шошыған жануарлар суқойма арқылы өтпек болған кезде батып кеткен болуы мүмкін.  

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина