Алаяқтар Антикор атынан жалған ақпарат таратып жатыр

Алаяқтар Антикор атынан жалған ақпарат таратып жатыр
Фото: elements.envato.com

Алаяқтар Антикор атынан жалған ақпарат таратып жатыр. Агенттік мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап. 

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мессенджерлерде (WhatsApp, Telegram және т.б.) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар құрған және жалған ақпарат тарататын алаяқтар туралы ескертеді. Жалған ақпараттарға сенбеуге, күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге, сондай-ақ, қаражат аудармауға шақырамыз", - делінген хабарламада. 

Мұндай деректер болған жағдайда Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдарына хабарлауды сұраймыз.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек