Каспий акваториясында заң бұзған 63 адам ұсталды - ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдері Каспий теңізіндегі жедел-алдын алу шаралары туралы баяндады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Каспий акваториясында жедел-алдын алу іс-шараларын өткізу туралы

1 сәуірден бастап ҰҚК Шекара қызметі мүдделі мемлекеттік органдары, сондай-ақ, Ресей мен Әзербайжанның шекара ведомстволары бірлесіп, Каспий теңізінің биологиялық ресурстарын қорғау жөніндегі жедел-алдын алу іс-шараларының кезекті кезеңін өткізіп жатыр.

ҰҚК

Бірлескен іс-қимыл басталғалы бері барлығы 39 шағын қайықты 63 бұзушы ұсталып, 187 шақырым браконьерлік аулау құралдары алынды. Шамамен 3 миллион теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынды.

Табиғи тіршілік ету ортасына 1041 бекіре тұқымдас балық, 14 659 әртүрлі тұқымдас балық және 63 итбалық жіберілді. Мемлекетке келтірілетін 2,1 миллиард теңгеден астам залалдың алдын алдынды.

Каспий акваториясын қорғауды қамтамасыз ету жұмыстары жалғасып жатыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз