Қазақстанда электрсамокатты екі адам болып мінуге қарсы жүйе іске қосылды

Қазақстанда электрсамокатты екі адам болып мінуге қарсы жүйе іске қосылды
Фото: ru.freepik.com

Жүйе электр самокатта қанша жолаушы барын анықтап, ереже бұзылған жағдайда шара қолданады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мәселенің мән-жайы

Қазақстанда жолаушылар санын тіркейтін Whoosh кикшеринг электр самокат жүйесінде "антитандем" технологиясы іске қосылды. Бұл туралы BES.media сайтына Whoosh-те хабарлады

Бағдарлама қалай жұмыс істейді?

"Антитандем" деп аталатын жаңа жүйе нақты уақытта скутерде жолаушылар санын анықтау үшін 50-ден астам деректер параметрлері мен машиналық оқыту әдістерін пайдаланады.

Whoosh өкілдері екі адамдық жүру ережесін бұзу анықталса, жүйе самокаттың жылдамдығын автоматты түрде азайтып, жүруді ыңғайсыз әрі тиімсіз ететінін түсіндірді. Қолданба арқылы пайдаланушыларға баяулау себебі туралы хабарланады.

Сонымен қатар, пайдаланушыларға айыппұл салынады және қайталанған бұзушылықтардан кейін олар блокталады. Сондай-ақ жүйе баяу аймақтардағы жылдамдықты автоматты түрде төмендетуді және тыйым салынған аймақтардағы қозғалысты шектеуді қамтиды.

Неліктен бұл маңызды?

Қазақстан Республикасының "Жол жүрісі туралы" Заңына сәйкес, бір самокатта екі адамға бірге жүруге тыйым салынады.

Бұл қандай компания

Whoosh - негізгі кикшеринг операторы және микромобильді тасымалдауға арналған технологиялық шешімдерді әзірлеуші.

А. Жапатова