Бишімбаев баланы қағып өлтіргені рас па?

Бишімбаев баланы қағып өлтіргені рас па?
Фото: © Tengrinews.kz 2024. Турар Казангапо

Ішкі істер министрлігі Салтанат Нүкенованың анасының "бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев баланы қағып өлтірді" деген сөзіне пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесінде жәбірленушінің анасы айыпталушыны бұған дейін де қылмыс жасады деп мәлімдеген болатын.

"Өткенің туралы айтқың келмей ме? Баланы қалай қағып өлтіргенің туралы", - деді ол сотта.

Tengrinews.kz тілшісі бұл мәлімдеменің анық-қанығын білу үшін ІІМ-ге ресми сауал жолдады. Ведомствоның ресми жауабында Қуандық Бишімбаевты қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы ақпарат жоқ екені айтылған.

"Бұл адамға қатысты қылмыстық қудалау және оны қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы мәлімет жоқ екенін хабарлаймыз", - делінген ІІМ жауабында.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек