Елтаңба ауысса, теңге де өзгере ме? Ұлттық банк жауап берді

Елтаңба ауысса, теңге де өзгере ме? Ұлттық банк жауап берді
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Елтаңба ауысса, теңгеге қандай әсері болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тимур Сүлейменов мәселе әлі нақтылатынын, тиісті жағдай шешім қабылданатынын жеткізді.

"Алдымен "(Елтаңбаны) ауыстырамыз ба?" деген сұрақ туындайды. Менің түсінуімше, бұл мәселе бойынша ғалымдар жұмыс істеп жатыр. Олар тиісті ұсынысты жасайды. Алайда қазір ондай ұсыныс болмады. Бірақ бұл мәселені зерттегеніміз анық. Сондықтан қазір айналымдағы банкнот пен монета бойынша өзгеріс болмайды. Олар толық жарамсыз болғанға дейін айналымда болады.

Егер кенеттен Елтаңбаны (ауыстыру - еск.) бойынша шешім қабылданса, біз басып шығаратын банкноттарда өзгеріс болатыны түсінікті.

Біздің жабдықты өзгертуге тоқталайын. Ұлттық банктің банкнот фабрикасы мен теңге сарайы бар. Ондағы құрылғыларды қайта өзгерту техникалық жағынан қиындық тудырмайды. Сондықтан қосымша шығын болмайды", - деді төраға.

Оның айтуынша, монеталар кем дегенде 20 жыл қолданыста болады.

Аяз Есен

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz