Полиция Қуандық Бишібаевты ұстағанда заң бұзылмады ма?

Полиция Қуандық Бишібаевты ұстағанда заң бұзылмады ма?
Фото: © Tengrinews.kz 2024. Тұрар Қазанғапов

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха "Полиция экс-министр Қуандық Бишібаевты ұстағанда заңды бұзған жоқ па?" деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сенаттың жалпы отырысынан соң журналист министрдің орынбасарына "Сауал экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қылмыс жасағаннан кейін ұсталуына қатысты. Біз сотта полиция қызметкерінің жетон арқылы түсірілген видеосын көрдік. Онда полицей Қуандық Бишімбаевтің қолынан кісенді шешіп, темекі шегуге рұқсат берген. Бұл заңға қайшы емес пе? Өйткені Қуандық Бишімбаев адам өлтірді деген күдікке ілінді ғой?" деп сұрақ қойды.

Игорь Лепеха видеоны тексеру керегін атап өтті.

"Мен бұл видеоны көрмедім. Алдымен оны тексерейікші. Олар темекі тартуға рұқсат бермеу керек еді. Кісенді қолынан шешуге болады. Қуандық Бишімбаев (полиция) көлігіне отырғанға дейін кісенде болуы қажет. Біз ол көлікке отырған соң қолындағы кісенді шеше аламыз. Бұл ертең бізді азаптады деп айыптамау үшін керек. Бұдан қорқынышты жағдайды көріп отырған жоқпын. Бұл видеоны тексеру керек. ІІМ-де полицияның әрекетін бағалайтын құзырлы орган бар. Мен ІІМ-ге барғасын бұл мәселені көтеремін. Бұл мәселені мен бақыламаймын. Тиісті құзырлы мекемеге осы жағдайды бақылауға алу керектігін айтамын. Протокол барысында заң бұзылғаны анықталса, сіздерге (журналистерге – автор) керек болса, кәлілерді жауап тартайық", - деді министрдің орынбасары.

Айта кетейік, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін аса қатыгездікпен өлтірді деген айып тағылған. Сот Астанада өтіп жатыр.

Аяз Есен 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz