- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда қанша ауыл...
Қазақстанда қанша ауыл ішімдіктен бас тартқан?
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха елімізде қанша ауыл ішімдіктен бас тартқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазақстанда 97 ауыл ішімдіктен бас тартқан. Мысалы, Ақмола облысы - 5 ауыл, СҚО - 5 ауыл, Қарағанды облысында - 50 ауыл, Түркістан облысы - 7 ауыл, Қостанай облысы - 6 ауыл, Ақтөбе облысы - 5 ауыл, Жамбыл облысы - 5 ауыл, ШҚО - 4 ауыл, Қызылорда облысы - 3 ауыл, Ұлытау және Батыс Қазақстан облыстары - 2 ауыл, Маңғыстау, Жетісу, Павлодар облыстары - 1 ауыл. Бұл - шағын ауылдар. Ондағы халық "Енді ішімдік ішпейміз" деп шешім қабылдаған. Бұл - олардың бастамасы. Біз осындай бастамадан соң мониторинг жүргіздік. Осылайша, бұл ауылдарда құқықбұзушылық бірнеше есе азайғанын байқадық", - деді Игорь Лепеха Сенат кулуарында.
Министрдің орынбасары бұл ауылдар халық ішімдік тұтынбайтынын атап өтті.
"Менің ойымша, мұнда ішімдік сатылмайды. Халық "Бізде "сухой закон" болады деп шешкен. Онда ешкім алкогольді сатып алмайды және сатпайды. Сіздер осы ауылдардың біріне барып көріңіздер", - деді ол.
Аяз Есен
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Massaget.kz