Бір-біріне тас лақтырған: Ақтауда оқушылар жаппай төбелес ұйымдастырған

Бір-біріне тас лақтырған: Ақтауда оқушылар жаппай төбелес ұйымдастырған
Фото: видеодан кадр

Ақтауда оқушылар жаппай төбелес ұйымдастырып, бір-біріне тас лақтырған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Полиция департаменті өкілі жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Кадрларда мектеп формасын киген балалар бір-біріне тас лақтырып, шабуыл жасауға тырысатыны көрінеді.

"Ақтаудағы дарынды балалар көшеде тас лақтырып, жаппай төбелес ұйымдастырды", - деп жазды видео авторы.

Полиция бұл оқиғадан хабардар екенін, оған қатысқан барлық адам анықталғанын айтты.

"Төбелеске қатысушылар Ақтау қаласының полиция басқармасына жеткізілді. Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова