- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атбасар тұрғындары қауіпсіз...
Атбасар тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр
Атбасар тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жылда су тасқынының салдарынан жапа шегетін Атбасар қаласы биыл да қарғын судың астында қалды. Түн ішінде қауіптің алдын алу мақсатында қойылған дамбаларды бұзып өткен су қаланың шеткі аймағындағы үйлер мен екі бірдей білім ордасын басып қалды.
Фото: Ерлан Әбішев
Жабай өзенінен арқыраған ағын су бүгін шамамен таңғы бес шамасында көтерілген. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше су деңгейі 7 метрге дейін көтерілген.
"Барлық ескерту жүйелері дереу іске қосылды. Құтқарушылар халықты эвакуациялау сондай-ақ нысандар мен тұрғын үйлерді қорғау бойынша ісшаралар жүргізіліп жатыр. Атбасар қаласында да төтенше жағдай жарияланды. Қазіргі уақытта мотопомпалардың көмегімен еріген суды сору жұмыстары жүргізілуде. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің 400-ден астам адамы мен 100 бірлік техникасы жұмылдырылды", - дейді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Ерсайын Қойшыбаев.
Фото: Ерлан Әбішев
Мемлекеттік азаматтық қорғаудың жүйесінің 400-ден аса адамы мен 100 бірлік техникасы жұмылдырылды. Халықты эвакуациялау және объектілермен тұрғын үйлерді қорғау бойынша іс-шаралар дереу қолға алынды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ведомствоның мәліметінше қаланың №1 орта мектебі мен коррекциялық білім беру орны және бірнеше жер үй суға кеткен.
Фото: Ерлан Әбішев
Құтқарушылар адамдарды эвакуациялау шараларын жүргізіп жатыр.
Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz