Су тасқынынан 85 мың адам құтқарылды - ТЖМ

Су тасқынынан 85 мың адам құтқарылды - ТЖМ
Фото: Massaget.kz / Rysbekov Nurzhan

ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш бүгінде елімізде су тасқынынан 85 мың адам құтқарылғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"9 сәуір сағат 10.00-дегі ақпарат бойынша азаматтық қорғау қызметтері 85 мыңға жуық адам, оның ішінде 30 мыңға жуық бала эвакуациялады. Қазір уақытша орналастыру пунктерінде 8 349 адам, оның ішінде 3 809 бала бар", - деді Ерасыл Сайпаш ОКҚ-де өткен брифингте.

Оның айтуынша, төтенше жағдай министрлігінің және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен 8 миллоннан аса текше метр еріген қар суы сорылды, 1 мыңнан аса қапшық, 1 мың тонна инертті материал төселді. Авариялық-құтқару жұмысына 16 мыңнан астам адам және 2500-ге жуық техника жұмылдырылды.

"Еліміздің 9 өңірінде: Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында жергілікті ауқымдағы 29 төтенше жағдай жарияланды.

Жедел желі телефондарына 1129 қоңырау түсті. Шұғыл психологиялық көмек 76 адамға көрсетілді. 20 өңірде республикалық және облыстық жедел штабтар жұмыс істеп жатыр", - деді аға офицер.

Сондай-ақ 8 сәуірде Ақтөбе облысына Қырғыз Республикасынан гуманитарлық көмек келген. Оны ТЖМ өкілдері күтіп алған.

Аяз Есен

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz