Түркия Қазақстанға көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді

Түркия Қазақстанға көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді
Фото: instagram/tjm_mchs

Түркия СІМ еліміздің бірқатар өңірлерінде болған жаппай су тасқынына байланысты Қазақстанға қолдау білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып.

"Қазақстанның әртүрлі аймақтарындағы жойқын су тасқыны туралы хабар бізді қатты қайғыртып отыр. Еліміздің ондаған мың азаматы эвакуацияланды", - делінген мәлімдемеде.

Олар Қазақстан халқы мен Үкіметіне көңіл айтты. Анкара табиғи апаттың салдарын жоюға барлық қажетті көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жайыққызы