Бір дана оқулықты 42 мың 501 теңгеге сатып алмақ болған

Бір дана оқулықты 42 мың 501 теңгеге сатып алмақ болған
Фото: Сая Мәжитқызы / Massaget.kz

Маңғыстауда бір кітапты 42 501 теңгеден алып, мемлекет қаржысын талан-тараж етпек болған білім саласының қызметкерлері анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Олар 5 мың оқулыққа 212 миллион 500 мың теңге көлемінде бюджет қаржысын жұмсамақ болған.  

Әкімшілік құқық бұзушылық әрекеті Мұнайлы ауданының білім бөлімінде тіркелді. Мекеме 2024 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспарларында 5000 дана кітапты 212,5 млн теңгеге сатып алуды жоспарлаған. Ең сорақысы, тендер жарияламастан, бір адамнан сатып алуды көздеген.

Мұны байқаған құзырлы органдар жедел әрекет етіп, заңбұзушылықтың жолын кесті. Нәтижесінде 1 кітаптың бағасы 42 501 теңгеден 5 000 теңгеге дейін, яғни 8 есе төмендетілді. Осылайша шамамен 187 млн теңге бюджет қаражаты үнемделді.

Сая Мәжитқызы

Тағы да оқи отырыңыздар: Алқабилер соты деген не?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz