Қазақстанда тұңғыш рет сурдо дзюдодан әлем чемпионаты өтеді

Қазақстанда тұңғыш рет сурдо дзюдодан әлем чемпионаты өтеді
Фото: instagram.com/kaz_deafjudoteam

Түркістанда 12-14 сәуір күндері сурдодзюдодан әлем чемпионаты өтеді. Әлем біріншілігі Қазақстан сурдодзюдо федерациясы мен Қазақстан Сурдлимпиада комитетінің ұйымдастыруымен өткізілмек , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлем чемпионатына 25 елден 200 спортшы қатысады деп жоспарланған. Түркістан татамиінде Сурдлимпиада чемпиондары, әлем чемпиондары бас қосады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KAZ JUDO TEAM (@kaz_judoteam)

Сурдодзюдодан әлем чемпионаты Түркістан қаласындағы "Olympic centre" спорт кешенінде өтеді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы