"Сабақ болды". Танымал блогер жақын досының "сатып кеткенін" айтты

"Сабақ болды". Танымал блогер жақын досының "сатып кеткенін" айтты
Фото: Видео кадры

Танымал блогер Медетжан Жанабай Taboo бағдарламасына берген сұхбатында бір досының сатқындығын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Оның айтуынша, жақыны болып кеткен досы бірнеше рет бағалы заттарын ұрлаған. 

"Жігіттермен тұрғанда бір жігітпен араласып бастаймыз. Ұзақ уақыт бізбен жүреді, бірге ойын ойнаймыз, оның ағасы көлігімізді жөндеп береді. Аяғында бірге тұрып жатқанда үйден 4 қымбат телефонды ұрлап кетті. Айтпайды ғой ол. Біз пранк деп жүрміз ғой. Сөйтіп үйге полиция шақырдық. Ол өзара шешіп алыңдар деді. Бізге ондай проблема керек болмады. Сосын жылы қоя салдық. Ол ҰҚҚ-да ағам бар деп, сенімге кіріп жүр. Кейін тағы 2 телефон жоғалды. Полиция бөліміне бардық. Полиция 2 адамға күдік түсіп тұр деді. Мен сол баланың ағасы телефонымызды тауып берді деп айттым. Полиция қызметкері онымен 10 минут сөйлескеннен кейін бәрін айтып берді. Телефондарды үйдегі бір жерге тыққан. 4 ай бойы үйде жатқан ғой. Көлігіме байланысты да проблема шықты деп өтірік айтып, ақша сұрата беретін еді. Сабақ болды", - деді ол. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек