СҚО-ға Түркістан облысынан су тасқынына қарсы көмекке барған құтқарушы қайтыс болды

СҚО-ға Түркістан облысынан су тасқынына қарсы көмекке барған құтқарушы қайтыс болды
Фото: Tengrinews

Солтүстік Қазақстан облысына су тасқынына қарсы іс-шараларға көмектесуге барған Түркістан облысының құтқарушысы қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысының ТЖД мәліметіне сүйенсек,  2 сәуірге қараған түні Тайынша қаласындағы аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде құтқарушы қайтыс болған. Ол - Түркістан облысы ТЖД Өртсөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі Сайран ауданының № 6 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау прапорщигі Бекжан Балданов.

"​Бекжан Балданов Тайынша қаласына 1 сәуірде Түркістан облысының күштері мен құралдары тобының құрамында су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге көмектесу үшін келді. Сол күні кешке жағдайы нашарлағаннан кейін ауруханаға түсті", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, өлімнің себебі миокард инфаркті екені айтылды.

Жауапты органдар марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова