Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан сегіз шетелдік қаза тапты

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан сегіз шетелдік қаза тапты
Фото: видеодан алынған кадр

3 сәуірде Самара-Шымкент автожолында Маржанбұлақ ауылының маңында Volvo жүк көлігі мен Өзбекстан Республикасы азаматының басқаруындағы Toyota-Аlhpard минивенінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Апат салдарынан минивен жүргізушісі мен 7 жолаушысы - барлығы Өзбекстан Республикасының азаматтары - оқиға орнында қаза тапты.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қозғалыс кезінде жүк көлігінің дөңгелегі жарылған және соның салдарынан жүргізуші көлікті бақылай алмай, қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып, соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Полиция департаменті жүргізушілерге көліктің жай-күйін бақылауда ұстауды, жол ережелерін қатаң сақтауды ескертті.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан