- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Сотта Бишімбаевтың Нүкенованы...
Сотта Бишімбаевтың Нүкенованы ұрып-соққан видеосы көрсетілді
Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы азаптап өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгінгі отырыста Bau мейрамханасында Салтанат Нүкенованың соққыға жығылған сәті түсірілген видео көрсетілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сот отырысы барысында қылмыс болған Bau мейрамханасының бейнебақылау камерасына түсіп қалған видеолар көрсетілді.
"Сағат 07:17-де Бишімбаев Нүкеновамен бірге лифт арқылы екінші қабатқа көтерілді. Бишімбаев лифттен шыққан кезде Нүкенованың басынан бірнеше рет ұрып, соңғысы еденге құлаған және Бишімбаев оның бөксе аймағынан бірнеше рет тепкілеген. Сосын ол оны шашынан көтеріп, басынан қолмен қайта ұрды. Тағы да ұрды. Ол қайтадан құлады. Сосын ол шашынан көтеріп, сүйреп апарған. Сосын таңғы сағат 08:08-де Бишімбаев кабинадан жалаңаш денесімен шығып, бардан ішімдік алып, кабинкаға оралды. Сағат 09:27-де Бишімбаев тағы да жалаңаш денесімен жалпы бөлмеге шығып, минут ішінде қайта оралды. 09:58-де Байжанов мейрамханаға келді", - деп прокурор Айжан Аймағанова қылмыстық іс материалдарындағы видеоның сипаттамасын айтып берді.
Ескерту, видео зорлық-зомбылық белгілері бар!
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан