- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Сотталушының телефоны". Бишімбаевтың...
"Сотталушының телефоны". Бишімбаевтың сотында ұялы телефон шырылдады
Әйелі Салтанат Нүкенованы қинады және өлтірді деген айып тағылып отырған Қуандық Бишімбаев сотта куәлік беруді жалғастырып жатыр. Бүгін залда өткен кездесу кезінде телефон шырылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бишімбаевтың айғақ беруі кезінде Бишімбаевтың қорғаушысы іс материалдарына қылмыс болған Bau мейрамханасының жоспарын қоса беруді сұрады. Сотталушының адвокаттары өтініш білдіріп жатқан кезде сот залында ұялы телефон шырылдады. Судья Айжан Кулбаева сот орындаушыларынан телефон иесін табуды сұрады. Осы кезде сотқа қатысушылардың бірі сотталушының телефоны шырылдағанын айтты.
"Айыпталушыда телефон бар деп кім айтты? Сотталушының телефоны деп кім айтты, тұрыңыз. Көрсетіңіз. Телефонды көрдіңіз бе? Тұрыңыз. Сіз осылайша залдағы тәртіпті бұзасыз. Келіңіз де, телефонның қайда екенін көрсетіңіздер. Бұған сенімді болмасаңыз, сот залындағы тәртіпті бұзбаңыз. Әйтпесе, мен сізді сот залынан шығарамын", - деп ескертті судья.
Еске салайық, Бишімбаевқа қатысты бұған дейінгі сот отырысы 1 сәуірде өткен болатын.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә