- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бишімбаевтың қорғаушылары қылмысқа...
Бишімбаевтың қорғаушылары қылмысқа қатысы жоқ суретті көрсетіп, судьяны жаңылыстыра жаздады
Фото:
видео кадры
Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың тарапы сотта қылмысқа қатысы жоқ суретті көрсетіп сөз естіді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сотта Бишімбаевтың қорғаушылары қайғылы оқиға болған мейрамхананың вип-бөлмесін көрсетпек болған. Алайда олар сотта көрсеткен сурет 2024 жылдың 28 наурызында түсірілген.
Ал Салтанат Нүкеноваға қатысты қайғылы оқиға 2023 жылы 10 қарашаға қараған түні болған.
Оның үстіне бұл суреттер іс материалдарында болмай шыққан.
Судья ескерту жасап, Бишімбаевтың қорғау тарапы судья мен өзге де қатысушыларды шатастырғанын айтты.
Судья Бишімбаевтың қорғаушыларының бұл әрекеттерін соңғы шешім шығарар кезде ескеретінін айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина