- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Татарстандағы объектілерге шабуыл...
Татарстандағы объектілерге шабуыл жасаған құрылғылар Қазақстан аумағынан ұшырылған ба?
Фото:
Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі кейбір Telegram-каналдар таратқан "Татарстан Республикасындағы объектілерге шабуыл жасаған ұшқышсыз басқарылатын құрылғылар Қазақстан аумағынан ұшырылған" деген ақпаратқа қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мұның шындыққа жанаспайтынын хабарлады.
Министрлік мұндай жалған мәлімет Қазақстанның беделін түсіруге бағытталғанын мәлімдеді.
"Осыған байланысты азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарына таралған қауесеттерге мән бермеуін және тек ресми ақпарат көздеріне сенуін сұраймыз", - делінген хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан