- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Аман болсыншы өзі"....
"Аман болсыншы өзі". Бишімбаевтың сотындағы прокурор әйел қазақстандықтардың жүрегін жаулап алды
Әлеуметтік желіде азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтірді деген айыппен сотталып жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты басты сот отырысындағы үзінділер тарап жатыр. Желі қолданушылары қазақ қыздарына шабыт берген прокурор батылдығына таңдай қағып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Прокурор Айжан Аймағанованың сот залындағы кәсібилігі мен сенімділігі қолданушыларды баурап алды. Қазақстандықтар өз парақшасында процестің үзінділерін жариялай бастады. Видео авторлары дәл осындай әйелдердің көпке үлгі болуы керегін баса айтып жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары оның видеосы тараған жазбаларға "Прокурор нағыз қазақ қызы, намысшыл", "Прокурор өзін бүкіл ел қолдап отырғанын білсін", "Ең керемет прокурор, оның ата-анасына рақмет, ол адал және әділетті", "Прокурор қыз. жарайсың", "Прокурор қыз маған қатты ұнайды, аман болсыншы өзі", "Прокурор қыз. жарайсың, жас болса да, адал екенін көрсетті" деп пікір жазып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында прокурор мен сотталушының адвокаты арасында дау туғанын жазған едік.
Қуандық Бишімбаев куәлік беру кезінде Салтанат Нүкенова отбасында болған мәселелердің егжей-тегжейін бөліскенін, әкесінің психикалық ауытқуы бар екенін айтқанын жеткізді. Сотталушы Нүкенованың мінез-құлқында да тұрақсыз психикалық жағдайдың белгілері бар деп мәлімдеді.
Осы кезде прокурор Айжан Аймағанова қарсылық білдірді. Бишімбаевтың адвокаттарының бірі мемлекеттік айыптаушымен сөзге келіп қалды.
Қуандық Бишімбаевқа қатысты 1 сәуірде өткен сот отырысының толық нұсқасын мына жерден көруге болады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан