Шымкентте атыс болды

Шымкентте атыс болды
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Шымкентте атыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Отырарға" сілтеме жасап.

"Белгісіз біреулер жігітке травматикалық қарудан оқ атқан. Оқиға Шевченко көшесінде болған", - делінген материалда. 

Оқиға 2 сәуірде сағат 12.00 шамасында болған. Қазіргі уақытта полиция мен тергеушілер оқиға орнында тергеумен айналысып жатыр. 

Зардап шеккен жігіттің көршілерінің айтуынша, атыс болған үйде үнемі шу шығып жататын. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина