- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақмола облысында біраз...
Ақмола облысында біраз уақыттан бері мал ұрлап жүрген екі тұрғын сотталды
Фото:
depositphotos.com
Ақмола облысында біраз уақыттан бері мал ұрлап жүрген екі тұрғын сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл адамдар бірнеше ай бойы облыс аумағында болып, күндіз жайылымда малды бақылап, түнде қораларға, қашаларға кіріп, малды ұрлап жүргені анықталды. Бұл адамдардың заңсыз әрекеттерінен Целиноград, Астрахан және Атбасар аудандарының 8 тұрғыны зардап шекті.
Аудандық сот бұл тұлғаларды мал ұрлығы бойынша (ҚР ҚК 188-1-бабының 3-бөлігі) кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айырды.
Сонымен қатар, ол екі азаматтың біреуіне тиесілі қылмыс құралы болып танылған "УАЗ" маркалы автокөлігі тәркіленді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина