- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Артық салмақ қатерлі...
Артық салмақ қатерлі ісік қаупін арттыра ма? Онколог түсіндірді
DocMed емханасының онкологы Катерина Гречухина артық салмақ пен қатерлі ісіктің пайда болуы қаупінің арасындағы байланыс туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Mail.ru" сілтеме жасап.
Ең алдымен, артық салмақ қатерлі ісіктің 10-нан астам түрінің пайда болу қаупімен байланысты екенін еске салған жөн. Жалпы, дене салмағын қалыпты деңгейде ұстау және темекі шегуден бас тарту - қатерлі ісік қаупін түбегейлі төмендетудің екі маңызды қадамы.
Дене салмағы индексінің (BMI) барлық кемшілігіне қарамастан, ол "сау" салмақты анықтаудың алтын стандарты. Бүгінде 25,0-ден 29,9-ға дейінгі BMI - артық салмақ, ал 30,0-ден жоғары болса, семіздікке жатады. Ғалымдар жүргізген зерттеу нәтижелеріне сәйкес, артық салмақ гормонға тәуелді сүт безі қатерлі ісігі, жатыр денесі, өңеш (оның белгілі бір түрі - аденокарцинома), сондай-ақ өт қабы, бауыр, ұйқы безі және аналық безі қатерлі ісігінің даму қаупін арттыратыны дәлелденген.
"Бұл жәй ғана пікір емес, бұл көптеген эпидемиологиялық зерттеу нәтижесі. Алайда бұл артық салмағы бар кез келген адам міндетті түрде қатерлі ісікке шалдығады дегенді білдірмейді. Бұл олардың қатерлі ісікке шалдығу ықтималдығы жоғары екенін көрсетеді", - деді онколог.
Денеде майдың шамадан тыс жиналуы дененің жасушалық деңгейде белгілі бір өзгерістеріне әкеледі. Яғни әртүрлі реакциялар арқылы созылмалы қабынуды сақтайды, инсулин мен инсулинге ұқсас өсу факторының жоғарылауын тудырады, сондай-ақ жыныстық гормондардың "депосын" арттырады. Өйткені тері астындағы майдың артық мөлшер де эндокриндік орган.
Тәуекелді қалай азайтуға болады?
- Салауатты салмақты сақтап, салауатты өмір салтын ұстану.
Дұрыс тамақтану, тұрақты физикалық белсенділік қатерлі ісік қаупін азайтудың кілті.
Айта кетейік, бұған дейін онколог қатерлі ісікке шалдыққан адамның сыртқы келбетінде қандай өзгеріс болатынын айтқаны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Зәмзәм суы не үшін қасиетті?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә