- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Парацетамолдан уланған сәби...
Парацетамолдан уланған сәби қайтыс болды
Фото:
©️ Tengrinews.kz /Тұрар Қазанғапов
Бурятияда парацетамолдан уланған сәби қайтыс болды. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.
Балаға екі күн ішінде бір келісіне 200 миллиграмм дәрі берілген, салдарынан дәрігерлер баланың бауыры бұзыла бастағанын анықтаған.
"Баланың ата-анасы оны ЖРВИ-ден үйде өздері емдегісі келіп, парацетамолды дозасынан асырып берген. Бұл бауырдың қатты зақымдалуына әкеп соққан", - деп жазылған басылым мәліметінде.
Бала шұғыл түрде Мәскеуге трансплантациялау үшін отаға жеткізілген. Бірақ оны құтқару мүмкін болмады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова