- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дәрігер сорпаны көбірек...
Дәрігер сорпаны көбірек ішу асқазан ауруының алдын алуға қаншалық көмектесетінін түсіндірді
Гастрит - асқазан ауруы - танымал патологияның бірі. Сондықтан бұл ауруға қатысты көптеген аңыз түсінік пен болжам бар. Осыған байланысты дәрігер Александр Мясников "О самом главном" бағдарламасында танымал сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ел арасында сорпаны күнде ішпей, кофе, цитрус жемістері мен ащы тағамды азырақ тұтыну арқылы гастриттің алдын алуға болады деген танымал пікір бар.
"Жоқ. Асқазан ауруы мен жарасы - созылмалы жұқпалы ауру. Ол Helicobacter pylori бактериясынан туындайды. Егер ағзада осы жұқпалы бактерия болмаса, адам қандай тағам ішіп-жесе де, асқазан ауруы не жарасы тумайды. Көп дегенде қыжыл пайда болуы мүмкін", - деді ол.
Сонымен қатар, кейбір адамдар стероидты емес қабынуға қарсы препараттар және антибиотиктер гастриттің дамуына түрткі болады деп санайды.
"Иә, стероидты емес қабынуға қарсы препараттар гастрит, эрозия және ойық жараны анық тудырады және өлімге әкеп соқтыруы да мүмкін. Мұндай кезде адам кофе ұнтағына ұқсас сұйықтық құсады, ал нәжісінің түсі қара болады", - деп түсіндірді ол.
Егер мұндай дәрі-дәрмектерді егде жастағы адамдар ішсе, қауіп артады. Ал антибиотиктер қауіпті емес, керісінше, гастрит қоздырғышын антибиотиктермен емдейді.
Көпшілікті "гастрит жұға ма?" деген сұрақ қызықтырады. Маманның айтуынша, гастрит жұқпайды, бірақ оны тудыратын бактерия жұғады.
Бұдан бөлек, ол тамақты мұқият шайнау да гастриттің алдын алуға көмектеспейтінін жеткізді.
"Бұл тағамды жеңіл сіңіруге көмектеседі, өйткені бұлай тағам кесегі қалыптасады. Тамақты мұқият шайнаған дұрыс, бірақ бұл гастриттің алдын алмайды", - деді маман.
Таңертеңгі жүректің айнуы, ауыздан шығатын жағымсыз иіс және тілдік өңез гастриттің белгісі ме?
"Жоқ, мұны басты белгі деп айта алмаймыз. Мұндай белгілер мысалы, ішімдік ішкеннен кейін де пайда болуы мүмкін", - деп қорытындылады дәрігер.
Айта кетейік, бұған дейін гастриттің алғашқы белгілері қандай екені хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақтар күн күркірегенде қандай ырымдар жасаған?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә