Қарағанды облысында атыс болды: күдіктілер ұсталған видео пайда болды

Қарағанды облысында атыс болды: күдіктілер ұсталған видео пайда болды
Фото: Полиция департаментінен

Қарағанды облысында көшеде атыс шығарғандар ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін полиция атыс кезінде ер адамның жарақат алуына қатысты тергеуді бастаған болатын. Оқиға Ағадыр ауылында болған. Атыс болған сәттен видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Қару асынған ер адам видеоға түсіп қалған болатын. 

"Ақадыр кентінің тұрғынына қатысты 28-47 жас аралығындағы төрт ер адам атыс қаруын қолданып кісі өлтіруге оқталу күдігі бойынша жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ұсталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Қарағанды облысы ПД бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина