"Күйеуімнің разылығын алу үшін". Ерке Есмахан орамал тағуға көзқарасын айтты

"Күйеуімнің разылығын алу үшін". Ерке Есмахан орамал тағуға көзқарасын айтты
Фото: instagram.com/erke_esmahan

Танымал әнші Ерке Есмахан күйеуінің разылығын алу үшін орамал тағуға көзқарасын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Бұл туралы өнер иесі Instagram-парақшасында бөлісті.

Әншінің оқырмандарының бірі оған "Орамалға қалай қарайсыз? Себебі менің түсімде орамалға келіпсіз" деген сұрақ қойған. 

"Алла разылығы үшін және күйеуімнің разылығын алу үшін болашақта орамалға келуді өз басым қалаймын. Алла иманымды одан сайын нығайтса екен деп тілеймін", - деп жауап берді ол. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек