Дәрігер көктемде диетаға қосу керек пайдалы тағамдарды атады

Дәрігер көктемде диетаға қосу керек пайдалы тағамдарды атады
Фото: pixabay

SM-Clinic гастроэнтерологы Евгения Мельникова Mail.ru Health сайтына берген сұхбатында қыстың аяқталуымен диетаға теңіз өнімдерін, бұршақ дақылдарын, көкөністерді, жемістер мен жармаларды қосу керек екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Эпидермис жасушаларын жаңартуға және көру функциясын жақсартуға қажетті А дәрумені бауырда, сәбізде, ақжелкенде, балдыркөк пен шпинатта кездеседі.

С дәрумені атеросклероз қаупін азайтады, ішектен темір мен кальцийдің сіңуін жақсартады. Бұл дәрумен итмұрын, қарақат, теңіз шырғанағы, қызыл бұрыш, ақжелкен, аскөк өсімдіктерінде кездеседі.

Балық жүйке жасушаларының қорғаныс қабықшаларын қалпына келтіруге көмектеседі, оның құрамында D дәруменінің көп мөлшері бар. Ал жаңғақтар мен күнбағыс майы терінің қартаю процесін баяулатады: оларда Е дәрумені көп.

Дәрігер ағзаға қажетті В тобының дәрумендері туралы да еске салды.Олар шошқа етінде, ашытқыда, сұлы жармасы мен қарақұмықта, бұршақ, сарымсақ және күріште болады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Зинешов