- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Абай облысындағы екі...
Абай облысындағы екі ауданда төтенше жағдай енгізілді
Абай облысындағы Аягөз және Ақсауат аудандарында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Абай облысының Аягөз ауданында төтенше жағдай режимі енгізілді.
Полиция су тасқыны аймағында тонау фактілерін болдырмау мақсатында патрульді күшейтті.
"Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері, құтқарушылар, сондай-ақ жергілікті атқарушы билік өкілдері су басу қаупі бар аймақтардан Төлендин көшесінен (43 үйден 172 тұрғын) эвакуациялап жатыр. Мородерлікті болдырмау мақсатында тәртіп сақшылары тарапынан мүліктің қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданып жатыр", - деп хабарлады Абай облысының полиция департаменті.
Сонымен бірге тасқын су салдарынан келген залалдарды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Ақсуат ауданының әкімдігі "Азаматтық қорғау туралы" ҚР Заңының 48-бабына және 50-бабына сәйкес, 2024 жылғы 28-наурыздан бастап, жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялады.
Сондай-ақ қарғын су салдарынан жол қатынасы үзілген ауылдарды қажетті деңгейде азық-түлікпен, басқа да күнделікті тіршілікке қажеттіліктермен қамту мәселесі пысықталып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан