Қостанай облысында су басқан қыстаудан 12 адам тікұшақпен құтқарылды

Қостанай облысында су басқан қыстаудан 12 адам тікұшақпен құтқарылды
Фото: видеодан алынған кадр

Бүгін, 27 наурызда Қостанай облысы Екіді елді мекенінің маңындағы Қонай қыстауынан Төтенше жағдайлар министрлігі "Қазәуеқұтқару" қызметкерлері Ми-8 тікұшағымен 12 тұрғынды құтқарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Құтқарылғандар жақын маңдағы елді мекендерге жеткізілді.

Оларға медициналық көмек қажет болмаған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан