Ақтауда сарбаздардың басынан ағаш дубинкамен ұрған командирдің оқиғасы: жаңа дерек белгілі болды

Ақтауда сарбаздардың басынан ағаш дубинкамен ұрған командирдің оқиғасы: жаңа дерек белгілі болды
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ақтауда командир жаңадан келген сарбаздың басынан отырғышпен ұрғаны туралы ақпарат тараған еді. БАҚ-та зардап шеккен әскерилер командирін кешіріп, оған қатысты қылмыстық іс сотта тоқтатылғаны да жазылды. Қорғаныс министрлігі өкілдері осы жайтқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, былтыр тамызда Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде взвод командирі мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге қатысты билігін асыра пайдаланған. Бұл дерек бойынша тергеу іс-шаралары жүргізіліп, Ақтөбе гарнизоны әскери сотының шешімімен тараптар татуласуына байланысты іс тоқтатылған.

"ҚР "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" заңының 26-бабы 2-тармағына сәйкес сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін әскери қызметші теріс себептермен ҚР Қарулы күштерінің қатарынан босатылады", - деп жазылған ведомство мәліметінде.

Еске салайық, бұған дейін осы мәселеге қатысты бір оқиғада әскери қызметкер сапқа кешігіп келген сарбаздың бетінен ұрып жібергені хабарланды. Оны да басынан отырғышпен ұрып жіберген.

Бірнеше соққы жеген сарбаз басынан ұстап отырып қалған, алайда командир мұнымен тоқтамай, ұруын жалғастырған. Тағы бір сарбаздың тісін қағып алған.  

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова