Жетісу облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Фото: видеодан кадр

Жетісу облысында жантүршігерлік жол апаты болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өңірдің Полиция департаментінің мәліметінше, жол апатынан бір адам қаза тауып, үш адам жарақат алған. 

Оқиға Көксу ауданында Алматы - Өскемен тасжолының 214-шақырымында болған.

"Hyundai Accent жүргізушісі рөлді басқара алмай, салдарынан көлік аударылған. Оқиға орнында жолаушы қаза тапты. Жүргізуші мен екі жолаушы әртүрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жатқызылды", - деді полицейлер.

Бұл дерек бойынша қажет сараптамалар тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды.

"Жүргізушілер, жол қозғалысы ережелерін сақтаңыз, рұқсат етілген жылдамдықтан асырмаңыз. Ұзақ сапарға шықсаңыз, жолдың алдында тынығып алыңыз. Көлік жүргізу кезінде басқа жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігі сізге байланысты екенін ұмытпаңыз", - деп ескертті Ішкі істер министрлігі өкілдері.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова