Әнші Наркенже Серікбаеваның анасы дүниеден өтті

Әнші Наркенже Серікбаеваның анасы дүниеден өтті
Фото: instagram.com/narkenjeserikbaeva

Танымал әнші Наркенже Серікбаевның анасы дүниеден өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

"Ассалаумағалейкум.
Наркенже әпкеміздің анасы Ұлбосын апамыз Раббысына қайтты. Жаназа намазы 24.03.2024 жылы, ертең сағат 15:00-де Түлкібас ауданы, Түлкібас стансасы (үстірт), Әлтеев көшесі, 17 үй", - деп жазылған. 

Еске салайық, бұған дейін әнші Наркенже Серікбаеваның күйеуі дүниеден өткені хабарланған болатын.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә